«Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 50 Қаулысы

Семей қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 50 Қаулысы

 

Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Семей қаласы әкімдігінің «Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30 - 18 болып тіркелген), келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген қаулының 1- ші тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.