Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы
Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 264-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Әкімдіктің осы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология
комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс
Қазақстан өңіраралық геология департаментінің
басшысы
Е. Еркешев
2023 жылғы «__»_________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология және
табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық
реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы
бойынша экология департаментінің басшысы
С. Сарбасов
2023 жылғы «__»___________
2023 жылғы 15 наурыздағы
№ 53 қаулысына қосымша