Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығы
(2026.25.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.22.11. № 330-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 2-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.22.11. № 330-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес таңбалануға жататын тауарлардың тізбесі және оны енгізу күні айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.