Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығы
(2025.01.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 25 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабының 2-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес айқындасын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025.22.11. № 330-НҚ бұйрығымен тізбе өзгертілді (2025 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 343-НҚ бұйрығына қосымша
Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі
| Р/с № | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды | Тауардың атауы | Енгізілген күні |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 2402 20 900 0 | құрамында темекі бар өзге де сигареталар | 2020 жылғы 1 қазан |