Шиелі ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/4 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңың 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шиелі ауданы бойынша 2025- 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
2. «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 14/27 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 28 ақпандағы
26/4 шешіміне қосымша
Шиелі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
жоспар