«Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 14/27 шешімі (күші жойылды)

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 14/27 шешімі

 

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы № 26/4 шешімімен күші жойылды

 

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23-қосымшаларына сәйкес «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспары» бекітілсін.

2. Кент және ауылдық округтер бойынша елді мекендер бөлінісінде мал басын орналастыру үшін жайылымдарды бөлу кестесі 24-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Шиелі аудандық мәслихатының

2024 жылғы 11 наурыздағы

№14/27 шешіміне 1- қосымша

 

 

Шиелі кентінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспары

 

1) Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);

2) жайылым айналымдарының қолайлы схемасы;

3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық, жайылымдық сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы;

4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарға) қол жеткізу схемасы;

5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.