(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2014.04.05 № 40 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесі бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 89 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8781 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде № 247 (28186) 2013 жылғы 6 қарашада жарияланған).

3. Кадр жұмысы департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын.

4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.

5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры

 

А. Дауылбаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Төрағасы

А.Байменов

2014 жылғы 27 маусым

 

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2014 жылғы 4 мамырдағы

№ 40 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде

 лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.