«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларын және (немесе) пайдалану тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 77 Қаулысы
«2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) пайдалану тәртібі бекітілсін.
2. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидаларын және (немесе) оны пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 802 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 9 ақпандағы
№ 77 қаулысымен
бекітілген
«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) пайдалану
тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу қағидалары және (немесе) пайдалану тәртібі (бұдан әрі - Қағидалар) «2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - «Қарағандышахтатарату» ЖШС) берілген, таратылған шахталар жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдалану тәртібін айқындайды.