Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 5 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы» 2004 жылғы 18 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы № 11 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы «26)» деген цифрлар «27)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 7-тармақтың бірінші абзацындағы «, мұнай және газ» деген сөздер «саласындағы, көмірсутектер» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-тармақтың үшінші абзацындағы «2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-II» деген сөздер «2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VI» деген сөздермен ауыстырылсын;
2. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы» 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3; 2016 жылғы 25 қарашадағы № 11 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақтың төртінші абзацындағы «, мамандандырылған әкімшілік немесе аудандық сотқа» деген сөздер алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылғанға дейін сот, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын орган адамның келмеу себептерін (шақыру қағазын табыс ету туралы қолхаттың болуын, адамды хабардар етуді ӘҚБтК-нің 743-бабында санамаланған тәсілдермен растайтын өзге де дәлелдемелер), келмеудің дәлелді себептерінің бар екендігін куәландыратын құжаттарды тексеруге міндетті.