Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 4 Нормативтік қаулысы (2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі заңнаманы соттардың қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 4 Нормативтік қаулысы

(2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 11 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Кодекстің» деген сөз «ӘҚБтК-тің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Тұлғалардың кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті лицензиясыз жүзеге асыру кезінде тапқан табысты алу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 11 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 5 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының (бұдан әрі — Заң) 28-бабының 1-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағының 1)-ден бастап 27) тармақшаларында көзделген салалардағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) лицензиялауға жататынына соттар назар аударсын.

Жүзеге асыру үшін тұлғаның белгіленген тәртіппен лицензияны алуға міндетті болатын қызмет түрінің және кіші түрінің толық тізбесі Заңға 1-ҚОСЫМШАДА көзделген.

ҚР Жоғарғы Сотының 2016.25.11. № 11 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Тұлғалар қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін Заңның 3-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабында (бұдан әрі — ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауаптылықта немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 214-бабында көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.