«Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 94 бұйрығы

 «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 94 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.».

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.