«Ұлттық білім беру деректер қоры» цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығы
(2026.21.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026.31.07. № 217-НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023.20.07. № 218 бұйрығымен (2023 ж. 7 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 94 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026.31.07. № 217-НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Ұлттық білім беру деректер қоры» цифрлық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Цифрлық даму және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) білім басқармалары және білім беру ұйымдары осы бұйрықтың қолданылуын қамтамасыз етсін.