(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТТІҢ» АҚПАРАТТАНДЫРУ ОБЪЕКТІЛЕРІН,...

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығы

(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.29.11. № 471/НҚ бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022.29.11. № 471/НҚ бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспаларда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде баспа және электрондық түрде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.