«Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыруы қағидаларын, сондай-ақ наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы және «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 471 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 521 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ереженің 14-тармағының 267) және 272) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыруы қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағының нысаны бекітілсін.
2. «Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 471 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19400 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.