Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 471 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 24 шілдедегі № 521 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 45 қаулысымен бекітілген Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасы;
2) осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін марапаттау парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.