Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 377-н/қ бұйрығы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 70-56) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 1-1-тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 13 қазандағы
№ 377-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар
тiзбесі