Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 414 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 6-тармақты төртінші бөлігің іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген ұйымдарға хабарланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.