Машина оқитын нысандарды әзірлеу, қолдану және тарату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 202/НҚ бұйрығы
«Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Машина оқитын нысандарды әзірлеу, қолдану және тарату қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
Премьер-Министрінің орынбасары -
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
2026 жылғы 15 сәуірдегі
№ 202/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Машина оқитын нысандарды әзірлеу, қолдану және тарату қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Машина оқитын нысандарды әзірлеу, қолдану және тарату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және машина оқитын нысандарды әзірлеу, қолдану және тарату тәртібін айқындайды.