«Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 938 Жарлығы (2024.04.09. берілген өзгерістермен)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы

(2024.04.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.

ҚР Президентінің 2024.04.09. № 640 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпаратты Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген тәртіпте және мерзімде ұсынсын;

3) Тұжырымдаманы орындаудың аралық нәтижелерін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде ұсынсын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 22 маусым

 

                      № 938

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2022 жылғы 22 маусымдағы

№ 938 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1-бөлім. Паспорт

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу

4-бөлім. Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласын дамытудың пайымы

5-бөлім. Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.