«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 Қаулысы (2026.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 Қаулысы

(2026.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2025.27.06. № 487 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 94-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі;

2) иеліктен шығаруға жатпайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 927 қаулысымен

бекітілген

 

 

Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің

тізбесі

 

1. Жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте болуы мүмкін жерден басқа), оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар.

2. Мемлекеттік қадағалау желісі және оның мүлкі.

3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.