Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 200 Қаулысы
(2019.13.08. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019.13.08. № 207 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) «Дәрігерді үйге шақыру»;
2) «Дәрігердің қабылдауына жазылу»;
3) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту»;
5) «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»;
6) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»;
7) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»;
8) «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»;
9) «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру»;