(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНДА ӘСКЕРИ-ДӘ...

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 717 бұйрығы

(2022.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 11-бабы 1-бөлімінің 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери-дәрігерлік сараптама өткізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10337 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.