(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТ БАҚЫЛАЙТЫН АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДАҒЫ КОРПОР...

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығы

(2014.24.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (И.А. Шварцкопф):

1) Заң департаментімен (С.М. Қаппасов) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және

сауда министрінің

2011 жылғы 6 маусымдағы

№ 157 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1) Бағалау обьектілері - акциялардың пакеттері мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдар, соның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.