(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША Е...

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығы

(2016.21.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бұйрыққа қоса тіркелген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Экологиялық реттеу және бақылау комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2013 жылғы 14 ақпандағы

№ 16-Ө бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын

 талаптар

 

ҚР Энергетика министрінің 2016.21.06. № 258 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар (бұдан әрі- Талаптар) табиғи ресурстарды пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есеп ереженің қосымшасында көрсетілген нысанда ұсынылады.

3. Өндірістік экологиялық бақылау есептемесінде табиғат пайдаланушымен еркін түрде жасалған жұмыстарды орындау туралы түсініктеме хат қоса тіркелу керек.

ҚР Энергетика министрінің 2016.21.06. № 258 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.