«Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 66 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 852 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10390 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларында:
22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22) қорғалған қосалқы командалық басқару пункттерін ұстау және оның жұмыс істеуі;»;
23) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қорғалған қосалқы командалық басқару пунктін күзетуді және оған қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;»;
10-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
11-тармақтың 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын қолданысқа енгізу (іске асыру, орындау) және оларды түзету;
2) төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, жұмыстардың ахуалы және оны жүргізу барысы туралы ақпарат жинау, талдау және алмасу;»;
12-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. ҰҰ Бас қолбасшысының тиісті өкімін беру ҰҰ әскерлерін басқару орталығының жедел кезекшілері және ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшілері арқылы жүргізіледі.