Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 66 бұйрығы
(2025.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.22.08. № 349 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 1 тармағының 57) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.