Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы «Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекіту туралы» № 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 349 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы «Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10390 болып тіркелген) № 66 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 1 тармағының 57) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін бейбіт уақытқа қолдану қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1 тармағының 57) тармақшасына сәйкес әзірленді және бейбіт уақытта азаматтық қорғау іс-шараларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін (бұдан әрі - азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері) қолдану тәртібін айқындайды.
2. Бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою;
2) жауынгерлік, жұмылдыру және саяси дайындықты ұйымдастыру;
3) төтенше жағдайлар аймақтарындағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау;
4) төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларға қатысу;