«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 149-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 149-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы ай сайын келесі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігін хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұсынылған ақпаратты жинақтасын және тоқсан қорытындылары бойынша келесі тоқсанның 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2020 жылғы 27 қарашадағы

№ 149-ө өкімімен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.