Аңшылық минимумын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығы
(2015.13.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.13.10. № 1-3/920 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған аңшылық минимумы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.