«Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 Қаулысы (күші жойылды)

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 Қаулысымен күші жойылды

 

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-бөлімді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-бөлімді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 3 сәуірдегі

№ 191 қаулысымен

бекітілген

 

 

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын

талаптар

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі - талаптар) сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиіс.

2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін (бұдан әрі - жүйе) құру мақсаты олардың террористік қауіп-қатердің әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

3. Осы талаптарда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.