(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СУДЫҢ БАСТАПҚЫ ЕСЕБІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ...

Судың бастапқы есебінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19/1-274 бұйрығы

(2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.28.04. № 192 бұйрығымен жоғары оң жақтағы бұрышы өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 наурыздығы

№ 19/1-274 бұйрығымен бекітілген



Судың бастапқы есебінің

қағидалары

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.27.12. № 543 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Судың бастапқы есебінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.