«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 20 қантардағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 604 бұйрығы (күші жойылды)

«Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 20 қантардағы № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 604 бұйрығы

 

ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 148 бұйрығымен күші жойылды

 

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 6-тармағына, 167-бабының 11)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 20 қантардағы № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6755 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 16 сәуірдегі № 129-130 (26550-26551) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын осы бұйрықтың 1-49 қосымшаларына сәйкес бекітілсін»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының қаулыларының үлгілік нысандары осы бұйрықтың 1-49 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 қарашадағы

№ 604 бұйрығына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылғы 20 қаңтардағы

№ 18 бұйрығына

1-қосымша

 

Нысан

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.