(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ ҚОБДИШАСЫНЫҢ ...

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығы

 

Осы редакция 2023 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.

2. «Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11421 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.