Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 21 тамыздағы № 63 Қаулысы
(2026.01.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының исламдық қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Д.А. Тайшибаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Н.Қ. Қосбаев) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.