(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТТІ АТАҚ БЕРУ ҚАҒИДАЛ...

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 бұйрығы

(2024.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі

 

Д. Қыдырәлі

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық

даму министрі

2022 жылғы 12 қыркүйектегі

№ 383 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.