«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 320-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді

өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):

193-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «байланыс желілері;» деген сөздерден кейін «деректерді өңдеу орталықтары;» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

1) 44-1-баптың 8-тармағының оныншы бөлігі «Бұл ретте» деген сөздерден кейін «биіктігі отыз метрге дейінгі байланыс құрылысжайларын (ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды, тіреуіштерді және бірлесіп пайдалану тіреуіштерін) салу мақсатында байланыс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 44-2-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Тұрғындарының» деген сөз «Биіктігі отыз метрге дейінгі байланыс құрылысжайларын (ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды, тіреуіштерді және бірлесіп пайдалану тіреуіштерін) салу мақсатында байланыс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру жағдайларын қоспағанда, тұрғындарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 52-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы баптың 1-тармағының ережелері «Байқоңыр» кешенінің мемлекеттік жер пайдаланушыларға бекітіп берілген ғимараттарына (құрылыстарына, құрылысжайларына), магистральдық құбыржолдардың желілік бөліктеріне меншік құқығына, инвесторлар есебінен салынған өндірістік ғимараттарға (құрылыстарға, құрылысжайларға) меншік құқығына, осы Кодексте көзделген жағдайларда жер учаскесі меншік иесінің келісімімен басқа тұлғаға меншік құқығында тиесілі жер учаскелеріндегі ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларға және (немесе) тіреуіштерге қолданылмайды.»;

4) 122-баптың 3-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері «электр беру желілерін» деген сөздерден кейін «, байланыс желілерін» деген сөздермен толықтырылсын.

3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

282-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «мониторингтеу тәртібін айқындайды.» деген сөздер «мониторингтеу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді ұйымдастыру шеңберінде инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның Ұлттық палатамен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.».

4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

43-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:

1) тармақшадағы «, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізілуіне» деген сөздер алып тасталсын;

2) тармақшадағы «, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені» деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақшадағы «, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені» деген сөздер алып тасталсын.

5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 27-баптың 1-тармағының 7-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-3) байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына, байланыс желілеріне арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;»;

2) 31-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1) байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына, байланыс желілеріне арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін олардың өтініші бойынша электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;».

6. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 29-1-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын өткізу кезінде сатушы тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжаттарда өткізілетін ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодтарын көрсетуге міндетті.

Сатушы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын өткізгенге дейін ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқоры арқылы өткізілетін ұялы байланыс абоненттік құрылғысының тиісті сәйкестендіру кодтарын шектеулердің немесе бұғаттаудың бар-жоғы тұрғысынан тексеруге міндетті.

Электрондық сауда алаңдарының иеленушілері сатушы мен электрондық сауда алаңы арасында жасалатын шарттарға сатушылардың ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын сату алдында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорында шектеулердің немесе бұғаттаудың бар-жоғы тұрғысынан тексеру міндетін қосады.»;

2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау мәртебесін тексеру үшін сатып алушыға осы ұялы байланыс абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын беруге;»;

3) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:

«4-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен верификациялаудан өтпеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын;».

7. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 2-бапта:

4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4-1) абоненттік құрылғыларды басқару пульті - Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін, абоненттік құрылғыларды сәйкестендіру, іске қосу, жұмысын шектеу немесе тоқтату үшін байланыс операторының олармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;

4-2) абоненттік нөмірді көшіру - абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;

4-3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры - абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты қамтитын дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені;

4-4) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы - абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, оның жұмыс істеуін, оны қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ететін және оның ресурстарына қолжетімділік беретін ұйым;»;

мынадай мазмұндағы 4-5) тармақшамен толықтырылсын:

«4-5) киберқауіпсіздікті куәландырушы орталық - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын шығаратын заңды тұлға;»;

6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«6) арнаулы жөнелтілімдер - мемлекеттік құпиялар не мемлекеттік органдардың таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтері және оларды жеткізгіштер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құрауыштары (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, жіберілімдер, метиздер;

7) арнаулы пошта байланысы қызметі арналары - арнаулы жөнелтілімдерді жөнелтуге пайдаланылатын пошта желілерінің, арнаулы пошта байланысы қызметі бөлімшелерінің жиынтығы;»;

9) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

«20-1) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болады;»;

22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«22-2) генерацияланған автоматты шақырулар - минутына оннан астам қосылысты орнату жөніндегі автоматтандырылған қызмет;»;

мынадай мазмұндағы 22-3) тармақшамен толықтырылсын:

«22-3) деректерді біріктіру - ақпаратты өңдеу және оны иесіздендірудің жүргізілуі орын алатын жалпылама түрде беру процесі. Біріктірілген деректерді байланыс операторы есептілікті қалыптастыру, талдау мен зерттеулерді жүзеге асыру үшін пайдаланады;»;

23), 24), 30-2) және 30-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«23) жалғау жолы - телекоммуникациялардың жалғайтын және жалғанатын желілері арасында өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін, байланыс жолы мен станциялық жабдықтың бөліктерін қамтитын техникалық құралдар кешені;

24) жалғау (қосу) нүктесі - байланыстың спутниктік желілерін жалғауға және өзара іс-қимыл жасауға арналған, трафик алмасуды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешендер жиынтығы;»;

«30-2) жылжымалы базалық станция - көлік құралына орнатылған, ұялы байланысты жедел ұйымдастыруға немесе онымен қамтамасыз етуге арналған базалық станция;

30-3) заттар интернетінің желілері - Интернет желісіне қолжетімділігі бар және телекоммуникация желілері арқылы бірімен-бірі немесе сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасау үшін кіріктірілген құралдармен және технологиялармен жабдықталған физикалық құрылғылар арасында деректер беру желілерінің жиынтығы;»;

мынадай мазмұндағы 30-4) және 30-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«30-4) интернет-трафик - белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке қосу арқылы берілетін және қабылданатын ақпарат көлемі;

30-5) интернет-трафик алмасу нүктесі - Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафигін өткізу (алмасу) жөніндегі аппараттық-бағдарламалық кешен;»;

40-4) тармақша алып тасталсын;

44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«44) пошта жөнелтілімдері - пошта операторы жіберуге қабылдаған жазбаша хат-хабарлар, жіберілімдер;»;

мынадай мазмұндағы 46-1), 51-2), 51-3) және 64-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«46-1) радиобөгеуіл - радиоэлектрондық құралдармен радиосигналдарды қабылдауды немесе беруді нашарлататын және ақпарат қателігіне немесе оның жоғалуына алып келетін электрмагниттік әсер;»;

«51-2) спутниктік байланыс желісі - ғарыштық және жерүсті сегменттерді қамтитын, спутниктік байланыс жүйелері пайдаланылып құрылатын және абоненттер және (немесе) пайдаланушылар мен байланыс желілері арасындағы байланыс сигналдарын қабылдауға, беруге және бағдарлауға арналған телекоммуникациялар желісі;

51-3) спутниктік байланыстың жерүсті станциясы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, байланыс спутниктері арқылы сигналдарды беруді, қабылдау мен өңдеуді және спутниктік байланыс желісінің ғарыштық және жерүсті сегменттері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен;»;

«64-2) тіркелген сымсыз қолжетімділік - тіркелген байланыс және жылжымалы байланыс желісі пайдаланылған байланыс түрі;»;

67-3), 67-4), 67-5) және 67-6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«67-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды бар техникалық құрал;

67-4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау - ұялы байланыс абоненттік құрылғысының Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде пайдаланылуының құқыққа сыйымдылығын растау мақсатында ол туралы мәліметтерді тексеру;

67-5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды - дайындаушы-зауыттың ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беретін коды, ол оған осы құрылғыны қосқан кезде ұялы байланыс операторының желісіне беріледі;

67-6) ұялы байланыстың виртуалды операторы - ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін бір немесе бірнеше ұялы байланыс операторының инфрақұрылымын пайдаланатын байланыс операторы;»;

мынадай мазмұндағы 67-7) және 73-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«67-7) ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған тіреуіштер - іргетас түрінде жерге тереңдетіп көмілмеген, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығын орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;»;

«73-3) шақыру - басқа абоненттің абоненттік құрылғысымен дауыстық қосылуды орнату жөніндегі абонент әрекеті;»;

2) 8-баптың 1-тармағында:

мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:

«1-3) байланыс саласында жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамытуды ынталандыруға бағытталған байланыс саласындағы жобаларды іске асыруға қатысу;»;

8-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8-8) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларын бекіту;»;

19-4) тармақша алып тасталсын;

3) 9-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін техникалық жағынан қамтамасыз етуді;»;

7-тармағының 3) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

«5-1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялауды;»;

4) 10-баптың 1-тармағында:

3) тармақша алып тасталсын;

3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1) байланыс операторының өтініші бойынша, уәкілетті органмен келісу арқылы байланыс операторларының ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салуы үшін электрмен жабдықтау жүргізілген орындарды береді;»;

5) 11-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Байланыс операторларының геостационарлық емес спутниктерінің абоненттік құрылғылары электрмагниттік үйлесімділіктен өтпейді. Геостационарлық емес спутниктік байланыс операторының абоненттік құрылғысы басқа техникалық құралдарға басқа жиіліктерде радиобөгеуілдер жасаған кезде геостационарлық емес спутниктің абоненттік құрылғысының иеленушісі байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесіне сәйкес, уәкілетті органның талабы бойынша мұндай құрылғыны ажыратуға не оның орнын ауыстыруға тиіс.»;

6) 12-бапта:

5-1-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұялы байланыс қызметтерін көрсету және байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік үшін, оның ішінде ұялы байланыстың виртуалды операторының қызметі үшін бөлінген радиожиіліктерді бірлесіп пайдалануды қоспағанда, тыйым салынады. Радиожиіліктерді және байланыс желілерін бірлесіп пайдалану шартпен ресімделеді.»;

мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Ұялы байланыс операторы техникалық мүмкіндік болған және байланыс желісінің жүктемесі болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ұялы байланыстың виртуалды операторына өзінің байланыс желісі инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді.

Ұялы байланыс операторы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген шартты жасасу кезінде виртуалды оператор ұялы байланыс қызметтерін ұсына алатын технология түрін көрсетеді.»;

6-тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Конкурс қорытындылары бойынша берілетін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттардан басқа, радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі радиожиілік спектрін перспективалық пайдаланудың қолданыстағы жоспарының кезеңіне сәйкес келуге тиіс.»;

төртінші бөлік алып тасталсын.

7-тармақ 6) тармақшадағы «болмаса, бас тартылады.» деген сөздер «болмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) мәлімделген жиіліктер белдеуі, радиожиілік (радиожиілік арнасы) радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сәйкес келмесе;

9) уәкілетті органның:

байланыс саласындағы перспективалы технологияларды іске асыру мақсатында, оның ішінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарына сәйкес жиілік белдеулері перспективалы технологияларға ауысқан жағдайда;

радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес радиожиілік спектрін, жиілік белдеулерін тиімді пайдалану мақсатында радиожиілік спектрін қайта бөлуді жүргізу туралы шешімі бойынша бас тартылады.»;

7) 14-бапта:

4-тармақ «енгізілген кезде,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың профилактикасы кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақтағы «мобильді байланыс станцияларын» деген сөздер «жылжымалы базалық станцияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 15-бапта:

3-тармақ «сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторы» деген сөздерден кейін «бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтағы «тіркеу» деген сөз «верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 15-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «тіркеу» деген сөз «верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 15-3-бапта:

тақырып «органдармен» деген сөзден кейін «және мемлекеттік радиожиілік қызметімен» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер бірдей сәйкестендіру кодтары бар ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын анықтау және байланыс желілерінде олардың бір мезгілде жұмыс істеуін болғызбау мақсатында байланыс желілерінде пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік радиожиілік қызметіне ұсынады.»;

11) 16-2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бір ғана радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны бір ғана диапазонда екі және одан көп байланыс операторы осы Заңның 12-бабы 5-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен бірлесіп пайдаланған кезде, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 4-3-тармағында көзделген тәртіппен бірлесіп пайдаланған кезде радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны оларды бірлесіп пайдалануға қатысатын барлық байланыс операторының атынан байланыс операторларының осындай құрылғының (құрылғылардың) меншік иесі болып табылатын біреуі ғана береді.»;

12) 17-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді әкелуді байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар байланыс операторлары ғана жүзеге асырады.»;

13) 18-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсат конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімге беріледі. Конкурстық құжаттамада мерзім көрсетілмеген жағдайда ол радиожиілік спектрін перспективалық пайдаланудың қолданыстағы жоспарының кезеңіне сәйкес белгіленеді.»;

14) 20-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Ұялы байланыс операторлары әлеуметтік және мемлекеттік мәні бар мобильді қосымшаларға әрбір пайдаланушының тәулік бойы және тарифтелмейтін қосылуын қамтамасыз етеді, мұндай қосымшалардың тізбесін уәкілетті орган айқындайды.»;

15) 21-бапта:

3-тармақта:

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Спутниктік байланыс операторларында абоненттік құрылғыларды басқару пультінің болуы және олар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілеріне жалғау (қосу) нүктесін құруға міндетті.»;

төртінші бөлік алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 3-1 және 4-1-тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Байланыс операторларына, телекоммуникация желілерінің иеленушілеріне жергілікті телекоммуникациялар желісінде, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыста санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізуге және (немесе) байланыс желілерін заңсыз пайдалануға тыйым салынады.

Байланыс операторларына:

абонентті сәйкестендіру және (немесе аутентификациялау кодтарын, оның ішінде бірінші дыбысбелгіге дейін немесе одан кейін үзілетін шақыруларды;

алдын ала жазылған дауыстық хабарламаларды өткізу бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау талаптары шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай хабарламаларды беру үшін жасалатын генерацияланған автоматты шақыруларды өткізуге тыйым салынады.

Байланыс операторлары құқыққа қайшы әрекеттерді болғызбау мақсатында байланыс желілерінде алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылатын нөмірлер мен трафик белгілері туралы өзара ақпарат алмасуға міндетті.»;

«4-1. Заттар интернетінің желілері - Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желісінің құрамдас бөлігі. Заттар интернетінің желілері деректерді қашықтан жинау және беру технологияларын қолданыстағы байланыс желілерімен, Интернет желілерімен, ұялы, спутниктік және басқа да байланыс желілерімен интеграциялауға ықпал етеді.»;

16) 25-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Дауыстық қалааралық және халықаралық трафикті өткізу өзара іс-қимыл жасайтын желілердің абоненттері арасында жүзеге асырылуға тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 4-2 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

«4-2. Спутниктік байланысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан спутниктік байланыстың жерүсті станциясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл талап байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензияның шеңберінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген спутниктік телефон байланысы қызметтері бойынша қызметтің кіші түрі бар тұлғаларға қолданылмайды.»;

«6. Халықаралық трафик транзиті Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескерілмей, халықаралық трафик транзиті жүзеге асырылатын халықаралық түйісу нүктелері туралы мәліметтер мемлекеттік техникалық қызметке ұсыныла отырып, халықаралық байланыс желісі арқылы жүзеге асырылады.»;

17) 26-баптың 3-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) байланыс тораптарының тізбесін, қосылу шарттары, инфрақұрылымға қол жеткізу тарифтері көрсетілген үлгілік шартты өз интернет-ресурстарында жариялауға;»;

18) 29-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

«8. Тіркелген сымсыз қолжетімділікті ұйымдастыру үшін байланыс операторы уәкілетті орган берген рұқсаттама құжатқа сәйкес радиожиіліктерді пайдаланады.

9. Байланыс операторы телекоммуникациялардың цифрлық картасында көрсету үшін мемлекеттік радиожиілік қызметіне Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс құрылысжайлары мен желілерінің бар-жоғы туралы ақпаратты уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.»;

19) мынадай мазмұндағы 29-3-баппен толықтырылсын:

«29-3-бап. Деректерді өңдеу орталықтарының телекоммуникациялық инфрақұрылымы

Жеке немесе заңды тұлғалар уәкілетті органды деректерді өңдеу орталықтарының пайдалануға берілгені жөнінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес хабардар етеді.

Байланыс операторлары трафикті өткізуді және өзара есеп айырысу тәртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес деректерді өңдеу орталықтары үшін трафикті қосу және өткізу қызметтерін көрсетуге міндетті.»;

20) 34-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Субсидиялар мөлшері конкурстың шарттары немесе байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттемелерді байланыс операторына жүктеу шарттары бойынша айқындалады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген субсидиялар мөлшерінен аспауға тиіс.»;

21) 35-баптың 2-тармағында:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұялы байланыс абонентін биометриялық аутентификациялауды жүргізбей, онымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға тыйым салынады.»;

бесінші бөліктегі «сәйкестендіруден» деген сөз «аутентификациялаудан» деген сөзбен ауыстырылсын;

22) 36-бап мынадай мазмұндағы 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:

«1-4. Байланыс операторы абонентке байланыс операторының желісіндегі жоспарлы жұмыстарға және (немесе) аварияларға байланысты желі жұмысының тоқтатыла тұруы туралы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес қолжетімді тәсілмен хабарлауға міндетті.

1-5. Байланыс операторы абонентті тарифтің жоспарланып отырған өсуі туралы осындай өсудің болжамды күнінен кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын абоненттік нөмірге қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы және өз интернет-ресурсында хабардар етуге міндетті.»;

23) 36-2-бапта:

тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36-2-бап. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу

1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Абонент үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.»;

2-тармақ алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Жеке тұлғаның күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағына жеке пайдалану үшін әкелінген, ұялы байланыстың екіден аспайтын абоненттік құрылғысын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес верификациялауына жол беріледі.»;