«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 163 Қаулысы
(2016.05.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 2 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2016.05.09. № 411 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің 2016.05.09. № 411 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 595 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5262 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 163 қаулысымен бекітілген