«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығы (күші жойылды)

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 373 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 16-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 1 сәуір

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің

2015 жылғы 18 наурыздағы

№ 145 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында
ақпарат ұсыну және мемлекеттік статистика жүргізу

 қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.