«Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 11 шілдедегі № 220 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 5, 6, 23-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының қосымшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдарында мемлекеттік мекемелердің ережелерін мемлекеттік қайта тіркеуден өткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің м.а. | Ә. Жақанбаев |
Жетісу облысы әкімдігінің
2025 жылғы 11 шілдедегі
№ 220 қаулысына 1-қосымша
«Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.