ҚР ҚН 1.02-03-2022 «Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» (2023.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ҚР ҚН 1.02-03-2022 «Құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаларын ңзірлеу, келісу, бекіту тңртібі жңне құрамы» (2023.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Енгізілген өзгерістер:

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының 2023.12.01. № 4-нқ бұйрығымен

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасының 2023.11.04. № 60-нқ бұйрығымен

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2023.17.04. № 68-НҚ-нқ бұйрығымен

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2023.26.07. № 123-нқ бұйрығымен

 

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

 

 

Енгізілген күні - 2022-08-01

 

ЯОЖ 721.011.1          МГЖ 91.040.01

 

Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 4-НҚ, 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 60-НҚ, 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 68-НҚ және 2023 жылғы 26 шілдедегі № 123-НҚ бұйрықтарына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.