Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1068 Қаулысы
(2018.30.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 297 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2018.30.07. № 475 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1068 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның,
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумын әзірлеу және бағалау тәртібін айқындайды.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.