«Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 213-Ө бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 213-Ө бұйрығы

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2027 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Министр

Ә. Қуантыров

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрінің

2026 жылғы 25 қыркүйектегі

№ 213-Ө бұйрығына қосымша

 

 

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін және лимиттелмейтін түрлерінің

 тізбесі

 

№

Жануарлар түрлері

1

2

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың лимиттелетін түрлері

Сүтқоректілер:

1.

Қасқыр (Canis lupus)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.