«Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 206 бұйрығы

 «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 206 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15903 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Энергия өндіруші ұйымдар отын сатып алуды «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.»;

6-тармақта:

3) тармақша алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек туралы мәліметтері бар бухгалтерлік баланс;»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жергілікті атқарушы орган өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша отын сатып алуға субсидия берілетін энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады және отын көлемі мен бөлінген субсидия сомасын көрсете отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.