Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығы
(2026.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.06.11. № 394 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2021.27.12. № 411 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.06.11. № 394 бұйрығымен (2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2024.06.11. № 394 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;