«Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 394 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15903 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
1-тармақтың үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац 4-тармақтың 1) тармақшасының редакциясында қолданылды
«Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1-тармақтың жетінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац 4-тармақтың 2) тармақшасының редакциясында қолданылды
«1. Қоса беріліп отырған Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: