Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 90 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13986 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулықта:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы көтермелеудің салалық жүйесі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі- Нұсқаулық) саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу рәсімін реттейді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәдениет, әдебиет және өнер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында көтермелеудің келесі түрлері белгіленеді:
1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрмет грамотасы;
2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алғыс хат.»;
4 және 5 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: