«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығы (2025.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығы

(2025.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.27.06. № 397 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Көлік министрінің 2023.29.12. № 161 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда 2024 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.27.06. № 397 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бекiтiлсiн.

2. «Авиациялық қауiпсiздiк қызметi мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның авиациялық қауiпсiздiк және ұшу қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң міндетін атқарушының 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9543 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.