«Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 397 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 06 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Авиациялық қауiпсiздiк қызметi мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның авиациялық қауiпсiздiк және ұшу қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: