«Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 258 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 258 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 142-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

цифрлық даму министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2026 жылғы 26 мамырдағы

№ 258 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.