Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2019 жылғы 15 қазандағы № 7 бұйрығы
(2020.20.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Азаматтық процестік кодексінің 133-3-бабының төртінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидалары және оларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.